Текст
1 наурызда Қазақстан Алғыс күнін атап өтеді. Алғыс айту күні-Қазақстанда жүргізіліп жатқан бейбітшілік пен келісім саясатының символы. Бізде қоғамдық келісімнің бірегей үлгісі бар: жалпыұлттық бірлік, көптілділік стратегиялық артықшылыққа айналды. Біз Қазақстан – қоғамдық және саяси өмірде тең құқықтарға ие бола отырып, бейбітшілік пен келісімде жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүретін әлемдегі жалғыз мемлекет деп мақтанышпен айта аламыз. Біздің мектептің кітапханасында "1 наурыз - Алғыс айту күні"атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды.