Текст
Білімнің кәусар
бұлағын,
Жүресің құйып санама
Біз үшін сенсің, мұғалім,
Ұстаз да, ғалым, дана да
1 қазан күні барлық елдер Мұғалімдерді құрметтеп олардың кәсіби мерекелерін тойлайды. Біздің мектеп
балалары педагогикалық еңбек ардагерлері туралы ұмытпай оларға өз қолдарымен сыйлық жасап құттықтауға барды . Біздің 4 сынып оқушылары Козярская Валентина Николаевнаны қос мерекелері: Мұғалімдер және Қарт күнімен құттықтауға ертерек сөздерін жаттап барды. Ол балалардың келгеніне құанып тәтті шай әзірледі . Балаларға өзінің еңбек жолы туралы әңгімеледі . Балалар осылай жылы қарсы алған үшін көп рахметін айтып болашақта зор денсаулық тілеп үйлеріне қайтты.