Күн тәртібі 4 тоқсанның өзекті мәселелері шешілді. Ұйымның қолданыстағы негізгі бағыттары көшбасшыларға бекітілді. Мысалы адамгершілік, моральдық-этикалық, көркем-эстетикалық, мектеп және ұйым мүшелерінің тіршілік негіздерін дамыту және қалыптастыруға табылатын Руханият бағытына Диана Депершмидт бекітілді. Біліктілікті, ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, іскерлік мәселелерді шешу, интеллектуалдық ойындар, дебаттар, олимпиадалар, конференциялар, жобалар мен зерттеулерге қатыстыруға арналған «Зерде» бағытына– Геращенко Ангелина, Ангелинаның іс бағыты ой өріс қалыптастыратын логикалық түрлі ойындар , тесттер өткізу. Ұйым мүшелерінің қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық, азаматтық жауапкершілік, толеранттылық, патриотизм қалыптастыру «Отан» бытына бір дауыстан Геращенко Виолетта сайланды. «Жеті жарғы» - Қазақстанның жас азаматтарында құқықтық мәдениетін қалыптастырады осы бағытта Буханцева Римма сайланды. «Салауат» - ұйым мүшелерінің және қоршаған социумның салауатты өмір салтын қалыптастыру ықпал етеді, осы бағыттың көшбасшысы ретінде белсенді спортшы 6 сынып оқушысы Япшайте Анастасия сайланды. «Еңбек» - өз елді мекенінің белсенді ұстанымы жұмысында ерте кәсіптік бағдар және мамандық таңдау, дамыту, біліктілігін және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда ықпал етеді осы бағытта Какстова Анастасия бекітілді. «Экоәлем» - балалар бойында экологиялық мәдениетін қалыптастырады осы бағыттағы жұмысты Мазур Надежда бақылайды. Көшбасшыларына жұмысы туралы әрбір бағыттары, маңызды міндеттер жүзеге асырылуы тиіс айтылды. Мамыр айына қойылатын негізгі міндет, Тимур жұмысы, көктемгі кезеңде балалардың көмегін күткен зейнеткерлер, тыл еңбекшілерінің үй алаңдары көшбасшыларға бекітілді.