«Денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ суицидтің алдын алу» бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес 2021 жылғы 21 қыркүйекте 8-сыныптың ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында мектептің педагог-психологы тақырыптың өзектілігін және кездесудің мақсатын хабарлады. Осы бағдарлама бойынша оқушылардың алдағы сауалнамасы туралы айтып, қандай сипаттағы сұрақтар болатыны жайлы хабар берді.
Жиналыстың екінші бөлімінде суицидтік мінез-құлықтың теориялық аспектілері туралы хабарлады. Әр оқушының бағдарламаның барлық компоненттеріне қатысуының қауіпсіздігі мен маңыздылығы, құпиялылықты сақтау туралы егжей-тегжейлі тоқталды.
Талқылау аяқталғаннан кейін ата-аналарға баланың осы бағдарламаға қатысуына келісім алу және қол қою ұсынылды.
Педагог – психолог Радченко А.Б.