«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Новосельское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекесі
Коммунальное Государственное Учреждение «Общеобразовательная школа села Новосельское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!

12.02.2019

 2019 жылдың қаңтар айында аға тәлімгер 9-10 сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!»  атты іс шара өткізді.Іс шараның мақсаты:Оқушылардың сыбайлас жемқорлық, пайда болу себептері, оның дамуына ықпал ететін факторлар сияқты құбылысты тануының теориялық деңгейін тереңдету.

Нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Оқушылардың  белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шараларды меңгеру.

Бейне материалдармен сүйемелденген іс шара барысында  оқушылар келесі мәселелерге тоқтап шықты: сыбайлас жемқорлық деген не, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері.Талқылау барысында оқушылар сыбайлас жемқорлық демократия мен құқықтық тәртіпті әлсіретеді, бұл адам құқықтарының бұзылуына әкеледі, нарықтық тетіктерді бұрмалайды, адамдардың өмір сүру сапасын нашарлатады, ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және халықаралық қауіпсіздіктің басқа да қауіп-қатерлеріне ықпал етеді деген пікірге келді. Бұл барлық елдерде - үлкен және кіші, бай және кедей қауіпті құбылыс . Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және белсенді азаматтық ұстаным білдіру қажет.

Тәлімгер Деркач Т.А.

 

Просмотров: 466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст