18 наурыз күні, 5 сыныпта, орыс әдебиет пәнінен қорытынды сабақ өткізілді. Балалар «Әдеби прозалық ертегі» таруын аяқтады, бұл тарау бойынша атақты ертегішілер: Г.Х. Андерсена, О. Уайльд, К.Г. Паустовский, Н. Черноголовина шығармаларымен танысты. Осы тарау бойынша оқыған шығарамаларға тиісті сканворттар мен викторина сұрақтарына жауап берді. Балалар үйде кішкентай кітап жасап келу тиісті , өйткені мұндай әрекет оқушылардың шығармашылық қабілеті мен қиялын ғана емес, сонымен қатар кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттырады.Әрқашан ертегілер оқыған сайын өмірлік тәжірибені байытамыз , өйткені ерінбей оқысаң шығарманың жолдары арасында көптеген даналық пен адамгершілік сабақтарын алуға болады.
Орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Лапковская А.В.