Қазіргі әлемде Наурыз терең мағынаға ие - бұл адамның табиғатпен бірігуі және қоғамның жасы мен жағдайына қарамастан барлық адамдардың бірлігі. Бұл күні дәстүрлі түрде түрлі байқаулар, жарыстар, халықтық серуен және ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Бұл мерекеге ағаш отырғызу, сенбіліктер, балалар мен жастарға арналған табиғат қорғау аймақтарына экскурсиялар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады. Әртүрлі елдерде өзінің мерекелік тағамы бар. Мысалы Қазақстанда осы мерекенің басты тағамы «наурыз көже».Біздің мектепте сыртта қалмайды , жылда осы мерекеге орайластырып түрлі жәрменкелер, ойындар және концерт өткізіледі.19 наурызда мектеп акті залында Наурыз мерекесіне орайластырылған мерекелік концерт өткізілді, мектеп оқушылары әртүрлі елдердің салт дәстүрімен қатар , осы мерекені қалай тойлау керек екенін көрсетті . Концертті 6 сынып оқушылары «Тұсау кесер» рәсімін көсретіп ашты .
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары: Уатхан Лена
Мектеп тәлімгері: Деркач Т.А.