Текст
Ғарышкерлер күні-еліміздің өміріндегі маңызды оқиға және бұл туралы балалар білуі тиіс. 12 сәуір 2019 жылы тұңғыш адамның ғарышқа ұшқанына 58 жыл . Осы мерекенің қарсаңында 9 сәуір күні 8-сыныпта "Байқоңыр ғарыш айлағы" сынып сағаты өтті. Балалар адамның ғарышқа алғашқы ұшуы туралы, Байқоңыр ғарыш айлағы туралы, қазақ халқының ғарышкерлері туралы ақпаратпен танысты. Қызықты презентациялар көрді. Сонымен қатар сыныптарда тікелей білім беру қызметі өтті. Сынып сағаты кезінде алған білімдерін балалар викторина сұрақтарын шешу барысында бекітті. Сонымен қатар сынып оқушылары Қазақстандағы ғарыш қызметі туралы хабарлама дайындады.
8 сынып жетекшісі Сыздыкова А. С.