Текст
21 мамыр күні Новосел орта мектебінің 1-2 сынып оқушылары арасында суда және су объектілерінде жүріс-тұрыс қағидаларын насихаттау, жазғы кезеңде су айдындарында және су объектілерінде жазатайым оқиғалардың алдын алу, балаларды суда апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсету кезінде дұрыс іс-қимыл жасауға дайындау мақсатында сынып сағаты өткізілді. Балалар видеоролик көріп, "Қайғы болмас үшін, судан сақ бол!" тақырыбына әңгімелесті.", "Біз су туралы не білеміз?", "Су үстінде ойнаймыз-ережелерді ұмытпаймыз!". Балаларға жазғы кезеңде су объектілерінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ата-аналарға жаднамалар таратылды.
Сынып жетекшісі:Володина С.И.