Текст
2қырқүйек күні 2-3 сыныптар арасында «Адалдық сағаты» тақырыбына сынып сағаты өтті. Оқушылар сынып сағатына белсене қатысып, өз ойларын білдіріп отырды. 3 сынып оқушыларына «өтірік» пен «адалдық» сөзіне анықтама беріліп, өтірік айтып өздерін ғана ойлайтын мысалдар келтірілді. Ал 2 сынып оқушылары « адалдық» тақырыбымен жұмыс жасап, мақал-мәтелдер тыңдады. Сынып сағатының тақырыбы оқушыларға терең ой салып, адал болуға шақырды. Өтірік айтып өмір сүретін іс шаралар жемқорлыққа әкеліп соғатынын және де біздің мемлекетте жемқорлықпен күресу жүріп жатқаны сынып сағаының қорытындысы ретінде бекітілді.
Күніңді адалдықпен баста,
Күніңді адалдықпен толтыр,
Күніңді адалдықпен аяқта,
Осылай өмір сүр.
Сынып жетекшісі Гречко З.В.