23 қазан күні 9 сынып арасында «Біз таңдайтын жолдар» атты іс ойыны жүогізілді.Іс-шараның жүргізілу мақсаты ол оқушылардың өз жолдарын дұрыс таңдай алуына көмек көрсету. Бұл шарада оқушылармен болашақ мамандықтары туралы және оны қалай таңдау керектігі талқыланды.Оқушылармен геометриялық тест жүргізіліп, оның нәтижесі арқылы кімнің қандай мамандыққа ынтасы бары белгілі болды.Оқушылар «Мамандықты қосымша белгілер арқылы тап» атты қызықты ойынын ойнады, әліпбенің әріптері арқылы жұмыс істейтін адам қандай болу керек және қандай қасиеттермен бай болу керек деген сұрақтарға жауап ізделді.Іс-шараның соңында оқушылар ә р адам маман иесі болу керек тұжырымға келді. Мамандық таңдау ол-қиын және маңызды қадам. Дұрыс таңдай алған мамандықтан адам болашақ өмірі шешіледі. Ал мамандығыңды дұрыс таңдасаң, демек өмірдегі өз орныңды таптың дегені.
Сынып жетекшісі: А.Сыздықова