«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Новосельское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекесі
Коммунальное Государственное Учреждение «Общеобразовательная школа села Новосельское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балдырған-2» шағын орталығындағы таңертеңгілік кеш «Күздің сиқырлы сандығы»

02.11.2019

Балалар күзгі мерекесі-бұл күлкіге және қуанышқа толы. Күз мезгілін суық десек те, балалар үшін бұл ағаш жапырақтарының алтын түсін тамашалап, оларды аяқ астында сезуні, резеңке етік киіп жаңбырлы күнде серуендеу. Сондықтан күз мерекесі балалар үшін сүйікті де қызықты болып келеді.

2019 жылдың 1 қараша күні «Балдырған-2» шағын орталығында Күз мезгілімен кездесуге  арналған мерекелік таңертеңгілік кеш өтті. Мерекенің мақсаты: балалардың күз мезгілі туралы ақпарат алуы. Балаларды күзбен жақын таныстырып, музыкалық қабілеттерін арттыру. Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.

Белгіленген күні күз мерекесіне әдемі киініп келген қонақтар жиналды. Балалар қол ұстап ән айтты, күз туралы өлеңдер шырқалды, көңілді ойындар ойналып, билеп күздің әсем қонақтарын асыға күтті. Қонаққа балаларға Бұлданшақ Бұлт пен Әдемі Күз келіп, өздерімен бірге қызықты ойындар алып келді. Таңертеңгілік кеш кезінде балалар ойнап, Күз сандығының жанында жүгіріп, оның ішінде не бар екенін білуге асық болды. Ол сандықты ішінде балаларды таңқалдыратын сыйлық күтіп тұр еді. Мерекенің соңында балалар Күз сандығын бірге ашып, Күздің ең көрікті сыйлығы алмаға толы корзина еді, ол корзинадағы алмалар барлық балаларға жететін еді!

 

Мереке сәтті өтті!

 

 

Просмотров: 457


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст