Текст
12 қыркүйекте 2-сыныпта "халық тілі – тәуелсіздік дауысы"атты сынып сағаты өткізілді. Оның мақсаты:
- тілдерді үйренуге деген қызығушылықты, сүйіспеншілікті, басқа халықтардың тілдеріне құрметпен қарауды дарыту
- балалардың өз мемлекетінің тарихына деген танымдық қызығушылығын ояту, жалпы ой-өрісін дамыту.
- балалардың өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету.
Балалар викторинаға қуана қатысты, мақал-мәтелдермен жұмыс жасады. Халықтың тілдік құрамы және әлемнің ең сирек кездесетін тілдері туралы білді.