Текст
Қазақстанның ұлттық теңге күніне байланысты Новосельск орта мектебінде 3 сынып оқушылары арасында «Теңге тарихы ол-Қазақстан тарихы» атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Оқушылар теңге тарихына үңіліп Қазақстан аумағындағы теңге белгілерін қалай пайда болғанын білді. Қазақстан қандай қиын кезде өзінің төл теңгесін шығарып, іске асырғанын білді. Теңгенің пайда болу әдісін, оның тарихын, теңгенің атқаратын рөлін видеоролик арқылы көріп ұғынды. Және де оқушылар өзінің туған жері туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтты, теңгені басқа елдердің ақша құнымен салыстырды.Менің ойымша әр оқушы бүгінгі тәрбие сағатынан өзіне керекті және де керек ақпарат білді.
Сынып жетекшісі: Володина С.И.