Текст
3 қазанда 4-сыныпта Байқоңыр ғарыш айлағынан алғашқы ғарыштық зымыран ұшырылғанына 65 жыл (1967) тақырыбында сынып сағаты өткізілді". Мақсаты: оқушылардың танымдық іс-әрекетін жандандыруға ықпал ету; бірегей адамдардың ұлы жетістіктерімен танысу арқылы патриотизм сезімін қалыптастыру. Сабақ космонавтика тарихы және адамның ғарышқа алғашқы ұшуы туралы бейнесюжеттер көрсетумен, Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыранның ұшырылуы туралы бейнефильм көрсетумен сүйемелденді. Ақпараттық материалды көргеннен кейін балаларға "Ғарыш және Біз"тақырыптық викторинасына қатысу ұсынылды.