Текст
Новосельск орта мектебінде эстетикалық цикл апталығында сыныптан тыс «Сәлеметсің бе,музыка» іс-шара өтті. 6сынып оқушылары музыка туралы тақпақтар дайындап, оның музыканың жандүниесін түсіндіріп, әрбіріміздің денемізді түршіктірді. Іс-шара бірнеше кезеңнен тұрды: «Музыкалық жұмбақтар», «Көңілді музыкант», «Музыкалық түймедақ», «Әуенді тап». Балалар белсенді жұмыс істеп, әуендер тыңдап, өлеңдер айтты. Іс-шара балалардың көңіл-күйін көтеріп, музыканың адам өміріндегі орны туралы ойланды.