Текст
2019 жылдың 13 желтоқсан күні Новосельск орта мектебінде 7-10 сынып оқушыларымен «Ерте бала көтеру» атты тақырыпта мұғалім-психолог Радченко А.Б-мен және медицина жұмысшысы Чумақ М.Г. пен бірге әңгіме жүргізілді.
Әңгіменің мақсаты оқушыларды дене тәрбиесімен, психологиялық және әлеуметтік кедергілермен таныстыру.
Жасөспірім кезде кездесетін кедергілерге төтеп бере алу, оны өзінше шешу жолдарын іздеу. Ерте бала көтерудің себебі мен шешімін анықтау. Ерте бала көтеруден және жыныстық қатынасқа түсудің алдын алу жолдарын іздеу.
Әңгіме барысында әртүрлі жағдайларды талқылады. Әңгіменің соңында жасырын түрде сұрақ-жауап жүргізілді. Әңгіме толық сеніммен өтіп, нәтижесін берді.
Мұғалім – психолог Радченко А.Б.