Балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге не Қағидаларға 4-қосымшаның 8 – тармағына сәйкес «Электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі-портал) ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) Қабылдауға жолдама (берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жарамды);
2) «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген) (бұдан әрі-ережелер);
3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
4) баланың туу туралы куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у нысанындағы профилактикалық егу картасы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 027/е нысанындағы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін).
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші: белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін: көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.