Текст
14 қаңтарда 1 сыныпта « Әл-Фараби-екінші ұстаз» тақырыбына сынып сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты: 2020 жылы 1150 жылдығы тойланатын адамзаттың ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығымен, мұрасымен өскелең ұрпақты таныстыру. Сынып сағаты барысында біз тарихымыздың беттерін парақтап, ғалым-энциклопедист қатысқан оқиғаларды еске түсірдік. Сынып сағатының соңында оқушылар импровизациялады. Викторинаның сұрақтарына қатесіз жауап беріп, білімдерін көрсете білді.