Текст
14 қаңтар күні қазақ халқының көрнекті ойшыл, қоғам қайраткері Әл-Фарабидің ұлы мұрасын сақтау және көбейту мақсатында сегізінші сыныпта рухани-адамгершілік дамуға, білім сабақтастығына және жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеуге бағытталған сынып сағаты өтті. Сынып сағатында оқушылар ғалымның өмірі мен көп қырлы шығармашылығымен танысты. Әл-Фарабидің рухани-интеллектуалдық мұрасы жаңа әлемдік дәуірдің қалыптасатын интегралдық дүниетанымы контекстінде зерттелді. Қазіргі заман мен жаңа дәуірдегі адамның қалыптасуы үшін өткеннің тарихи маңыздылығы анықталды.