«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Новосельское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекесі
Коммунальное Государственное Учреждение «Общеобразовательная школа села Новосельское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің туған Атбасарым

21.01.2020

Қала күні-бұл тамаша мейрам! Біздің жеріміздегі әрбір қаланың  өз тарихы, бай дәстүрлері бар. Қала күні - бұл әртүрлі жастағы адамдарды, мамандық пен қызығушылықтарды біріктіретін мереке.  Бұл мерекені барлығымыз жақсы көріп  құрметтейміз.

21 қаңтарда қаланың туған күніне 175 жыл толуына орай  "Менің туған Атбасарым" атты сынып сағаты өтті . Осы іс-шараға 2 сынып оқушылары 1 сыныптағы кіші достарын шақырды. Сынып сағаты Атбасар туралы деректі фильмді тамашалаудан басталды, сөйтіп  оқушылар туған қаласының әрбір бұрыштарын, оның көрікті жерлерін танып білді. Содан кейін  "Тарихқа көз салу" айдарында оқушылар қала тарихынан  қызықты деректерді айтты. Суреттер мен фотосуреттердің вернисажында қаланың маңызды жерлері , көрнекті тұлғалар ұсынылды.  З. В. Гречко балаларға қаланы өз шығармашылығымен танымал еткен атбасарлықтар туралы айтты. Бұл -И.Есенберлин,С.Омаров,К.Амирова,А.Храпатый,О.Шлоссер,В.Найденова,В.Манукьян тағы басқалары.  Атбасар жері біздің мақтанышымызға айналған тамаша адамдарды әлемге сыйлады!

Оқушылар Атбасар қаласының атауына – «ат базары» деген  түсінік беріп, Қазақстан картасында осы қалашықты тапты. Сынып сағатының соңында оқушылар қаланың туған күніне арналған суреттер салып, ұрпаққа  қалдырған «Ежелгі Атбасар жері - әдемі және қайталанбас жер»  деген сөздерді  еске алды  .

Просмотров: 380


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст