Патриоттық тәрбие-бұл оқушылардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін, отан мүдделерін қорғау бойынша азаматтық борышын орындауға дайындығын қалыптастыру бойынша жүйелі және мақсатты қызмет. Ол неден басталады? Иә, ең аздан - мектепке деген , өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншіліктен. Туған өлкеге деген махаббатсыз және оның тарихы мен мәдениетіне деген құрметсіз өз елінің азаматы мен патриотын тәрбиелеу мүмкін емес. Атбасар қаласының 175 жылдығын мерекелеу қарсаңында 9 сынып оқушылары үшін «Атбасарға 175 жыл» тақырыбына сынып сағаты өтті. Сынып сағаты ауызша журнал түрінде дайындалды. Оқушылар қаланың тарихымен танысты, көрнекті жерлестерін және олардың қаланың дамуына қосқан үлесін еске алды. Оқушылар әр түрлі материал дайындап, сыныптастарымен бөлісті. Жасаған жұмыстары өздеріне өте танымды болды.
Сынып жетекшісі А.Сыздыкова