3 ақпан күні "Психология" апталығы аясында 9 сынып оқушылары "Қуаныш пен жақсылық Жолдауы"атты таңертеңгілік акциясын өткізді. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері өздерінің көңіл-күйлеріне сай смайлик таңдады, оларға жақсы тілектерімен ашық хаттар табыс етілді. Жалпы мектептік сап түзеуде "Психология – қызықты ғылым" тақырыбында психология апталығының салтанатты ашылуы өтті. Оқушылар "Психология" ғылымы туралы презентация жасап, қысқаша ақпарат берді. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары апталықты өткізу жоспарымен танысты, оның ұраны "Әлемдегі мейірімділік көп болуы керек!" "Психология" апталығымен қатар "Өзін-өзі тану" онкүндігі өткізілуде, сондықтан өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі М. А. Семеренкомен бірге мектеп фойесінде қабырға газеті мен көрме ресімделді. Оқушылар бірінші күннен бастап "Сырласу жәшігі","Мектептің тілектер қоршауы" акцияларына белсенді қатыса бастады.
Педагог – психолог Радченко А.Б.