Текст
"Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі аясында Махаббат күні Новоселск орта мектебінде өзін-өзі тану мұғалімі М. А. Семеренко "Радужное сияние" отбасылық клубының ашылуына қатысты. Клуб жұмысы жеті өмірлік құндылыққа негізделген, олардың бірі- өзара түсіністік. 5 және 6 сынып оқушыларымен бірге педагог балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасы туралы қойылымға қатысты. Сөз соңында Ана болу оңай емес екендігі туралы сөз болды, бірақ, бұл әр әйел үшін ең үлкен құндылық екені айтылды. Бұл көріністе әркім өзін танып, тиісті қорытынды жасай алды.
Өзін-өзі тану мұғалімі Семеренко М.А.