Текст
"Психология" апталығы аясында 2020 жылдың 5 ақпанында 5-7 сынып оқушыларымен "Мен және қарым – қатынас ортасы" тақырыбында тренинг өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты - қарым-қатынас деңгейін жақсарту; басқа адамдарды, өзін, сондай-ақ сыныптастар арасындағы қарым-қатынасты түсіну дағдыларын пысықтау. Іс-шара барысында келесі жаттығулар өткізілді: "Мен сізбен қатынас болуға қуаныштымын" деп сәлемдесу; "Бір-біріне жақын болу" ойыны; "Эмоционалдық жарылыс" ойыны; "Сиқырлы қол" жаттығуы; "Сөйлемді аяқтау" әңгіме-ойыны; "Бірлескен сурет" жаттығуы. Тренинг соңында ұжымдағы қарым-қатынас ережелері туралы бейнеролик көрсетілді.
Педагог – психолог Радченко А.Б.