Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола түседі.
Кешіре білу де – өнер.
Кешірімді болыңыз!
Десек те, ешқашан бір – бірімізді ренжітпеуге тырысайық.
Бұл күні 10 ақпанда Новоселск ОМ өзін-өзі тану онкүндігі аясында 2 сыныпта "Кешіре білуді үйренеміз» тақырыбына ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты оқушылардың басқа адамды түсінуге және кешіруге ұмтылысын дамыту, сондай-ақ мейірімділік, ұлылық, төзімділік сияқты қасиеттерді тәрбиелеу болды. Сабақ "Тілектер букеті" атты таңертеңгілік шеңберден басталды, сабақ барысында өзгеге тілеген жақсы ойларымыз өзімізге көп есе қайта айналып келетініне көздері жетті. Сабақ үстінде балалар "Екі ағайынды" аңызымен танысып, "Ренжуден емдейтін дәрі" рецептін құрастырды.
Ал ең шарықтау сәті "Татуласу гүлін" құру болды, онда оқушылар пазл көмегімен топқа бөлініп, карусель және интеграцияланған әдісітері арқылы (1 топ – еркін түрту әдісімен гүлдің өзін жасады, 2 топ - үзу әдісімен жапырақтар жасады, 3 топ – сырғанау және қысу арқылы гүлдің сабағын жасады) ерекше қызығушылықпен тапсырманы орындады. Балалар педагогпен бірге орындаған Кот Леопольдтың "...кешірімді болу – бұдан артық не бар..." әні де назардан тыс қалған жоқ.
Иә, қазіргі жастар шын мәнінде кешіруді үйрену қажет. Ал соған үйрететін, біздің балаларымыздың жанының тереңдігіне жетуге көмектесетін өзін-өзі тану сабақтары.
Өзін-өзі тану мұғалімі Семеренко М.А.