«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Новосельское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекесі
Коммунальное Государственное Учреждение «Общеобразовательная школа села Новосельское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бейбітшілік күні. " Бейбітшілік, достық,толеранттылық "

11.02.2020

Әлем сүйген салтымыз бар,
Бейбітшілік – ел ұраны.
Өмір сүйген халқымыз бар.
Бейбіт елдің біз ұланы.
 

  Ақпанның 10-ы күні Новоселск ОМ  өзін-өзі тану онкүндігі шеңберінде "Әлемге күлкі сыйла" акциясы өтті, бұл шара балаларға өте ұнады.  Таңертеңнен бастап мектеп фойесінде көңілді әуендер естіледі, оқушылар бір -біріне  қайырлы таң айтып, күн сәтті болсын деп тілектерін білдірді. Мұғалімдер мен оқушылардың  көңіл-күйі көтеріңкі болды. Балалар өткізілген акцияға белсене қатысты:   күн бойы олар өз қолдарымен жасаған күлімсіреу суретімен алмасты. Сонымен қатар балалардың тақырыптық суреттерімен көрме ұйымдастырылды."Достық ағашын" дайындау бойынша өзін-өзі тану мұғалімі М. А. Семеренко бастауыш буында шеберлік сабағын  өткізді, бұл сабақ оң эмоционалдық көңіл-күй қалыптастырып, ұжымдағы достық пен бірлік сезімін дамытуға ықпал етті. Акция жарқын, көңілді және қуаныш атмосферасында өтті. Бұл іс-шара өмірге қуануға, айналадағыларға күлкі сыйлауға мүмкіндік берді. Барлық қатысушыларға шаттық және  тамаша көңіл-күй сыйлағаны үшін ризамын!Бұл акция өзін-өзі тану пәні оқу бағдарламасында маңызды екенін дәлелдеп, ол балаларды әлемді қандай дүниеде болса да сүюге үйретеді, әлемдегі және бір-біріне деген толерантты қарым-қатынас, адамгершілік қасиеттер сезімін тәрбиелейді.

 Өзін-өзі тану мұғалімі  Семеренко М.А.

Просмотров: 528


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст