2020 жылдың 11 ақпанында Новоселск орта мектебінде 9 сыныпта "Ұлтаралық келісім" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты Қазақстанда тұратын халықтардың мұрасына, тарихи өткеніне және мәдениетіне деген қазақстандық патриотизм мен сүйіспеншілікті, құрмет пен төзімділікті оқушылардың бойында тәрбиелеу. Сынып жетекшісі алдында келесі міндеттер тұрды: балалар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру; оларды бір-біріне көмектесуге, адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрметтеуге және бағалауға үйрету; түрлі ұлт өкілдеріне шыдамдылық сезімін, сондай-ақ Отанға, оның табиғатына, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне деген махаббат пен құрмет сезімін тәрбиелеу. Оқушылар өз отбасыларының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, өздерінің сүйікті ұлттық тағамдары туралы қуана әңгімеледі, достық деген не және ол қандай болуы керек деген пікірлерімен бөлісті. Олар біздің үлкен еліміздің аумағында тұратын түрлі ұлттар үшін достық ережелерін жасады.
Сынып жетекшісі А.Сыздыкова