Текст
2 наурызда Новоселск мектебінде педагогикалық ұжымның назарына BilimFoundation баспасының "Денсаулық және өмірлік дағдылар" атты 19 кітабы ұсынылды. Осы кітаптардың мазмұны күрделі өмірлік жағдайларды шешуге тек оқушылар үшін ғана емес, ересектерге де көмек көрсетуге бағытталған. Кітаптарда құрбыларымен, ересектермен, отбасылық қарым-қатынастың өзекті мәселелері алынған. Сондай-ақ, оларды шешудің кейбір жолдары ұсынылады. Кітаптар өте қызықты, әдемі және оңай оқылады, жаттығулары да бар, қолдануға оңай және өте тиімді. Осындай пайдалы және қажетті әдістемелік көмек үшін BilimFoundation баспасына алғыс айтқымыз келеді!
Педагог – психолог Радченко А.Б