Текст
4 наурызда Атбасар қаласында пионерболдан аудандық жарыстар өтті. Жарысқа 4 сынып оқушылары қатысты. Ойын басталуымен ұлдар мен қыздар табанды күреске бейімделіп, толық дайындықтарын көрсете алды. Балалар бар күшімен тырысты, сөйтіп бірінші болды. Командамыз 1-орынға ие болды. Біздің қуанышымызға шек жоқ! Барлығын шын жүректен құттықтаймыз!!!