2019-2020 оқу жылының тәрбие жұмысы жөніндегі жоспары негізінде 11 наурызда Новоселск орта мектебінде 5-6 сынып оқушыларымен "Қақтығысты қалай болдырмау керек?" тақырыбына дәріс өткізілді. Дәріс барысында оқушылар «жанжал» ұғымымен және оның құрылымдық элементтерімен танысты. «Жанжал – бұл жаман ...» және «жанжал – бұл жақсы ...» деген дәлелдерді өз бетінше жазуға тырысты. Жанжалды жағдайларды талдап, олардан шығу стратегиясының жолын іздеді. Қақтығыс жағдайлардан дұрыс шығу мысалдары бейнероликтерден көрсетілді. Дәріс соңында оқушыларға даулы жағдайлардан қалай шығу керектігі туралы кеңестер жадынамасы берілді. Оқушылардың психологиялық жағдайын жақсарту үшін, келесі күнге жылы тілектер себеттен таңдалып таратылды.
Педагог – психолог Радченко А.Б.