Баланы уақытында дұрыс сөйлеуге үйрету өте маңызды, себебі оны сосың түзету қиынға түседі.
Бұл кезде дидактикалық ойын ерекше орын алады , өйткені ол тәрбие үшін үлкен маңызға ие. Дидактикалық ойын зейінді, есте сақтауды, бақылауды және ойлауды жетілдіруге ықпал етеді .
Ойын тілді дамытады, ал тіл ойынды ұйымдастырады. Ойындардың басты мақсаты- баланы дамыту, бойындағы барын және танытқанын түзету, баланы шығармашылық мінез- құлыққа шығару.
Дидактикалық ойын балалардың тілін дамытады : сөздік қорын толықтырады және белсендіреді, дыбысты дұрыс айтуын қалыптастырады, байланыстырып сөйлеуді үйретеді, өз ойын дұрыс жеткізе алғызады .
Сөздік жұмысын үнемі жүргізіп отыру қажет. Әрқашанда лексика - грамматикалық ойындар барысында балалардың сөздік қорын синонимдермен, антонимдермен толықтыруға тырысу керек.
Дидактикалық ойындарды қолдану келесі міндеттерді шешуге көмектеседі:
- балаларды бір -бірімен қарым-қатынас жасауға және өз іс- әрекетіне түсініктеме беруге ынталандыру;
- бастамашылық сөйлеуді қолдану дағдыларын бекітуге ықпал ету;
- сөйлеу тілін жетілдіру;
- сөздік қорын байыту;
- тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру;
- байланысты монологиялық сөйлеуді дамыту.
Әрине, дидактикалық ойындар балалардың сөйлеуін дамытудың мықты құралы болып табылады. Дидактикалық ойындарды өткізу педагогикалық ғылымдар саласында ерекше білімді және ойынды дайындауда үлкен шығынды талап етпейді .