Текст
Сәуір Ғарышкерлер күнімен дәстүрлі байланысты. Бұл мерекеге деген көз қарасымыз ерекше. 1957 жылы Байқоңырдан алғашқы жасанды Жер серігі ғарышқа қадам басты. 1961 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан жерінен жаңа ғарыш дәуірін ашып, адам алғаш рет ғарышқа аттанды. Әлемдік өркениет туындысы болған және аты аңызға айналған «Байқоңыр» - қазақстандық тумасы. 7 сәуір күні 1-5 сынып оқушылары арасында «Байқоңыр - ғарыш айлағы» атты сынып сағаты өтті. Оқушылар аты аңызға айналған Қазақстанның туындысы Байқоңыр туралы, Қазақстанның алғашқы ғарышкерлері Тохтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев туралы бейнероликтер мен презентацияларды тамашалады.
Лапковская А.В.