Терроризм мен экстремизм - бұл кез келген, тіпті ең тұрақты және қолайлы қоғамды бұзуға қабілетті ерекше үлкен қауіп. Бүгінгі күні ол қауіпті ауқымға ие болды, ал оның көріністері көптеген адам құрбандарына әкеп соқты. Террористер қарапайым адамдарға қарсы ашық соғыс жүргізуде. Бұл сөзсіз зұлымдық, жалпы қоғам үшін және әрбір жеке адам үшін қауіп, сондықтан оның табысты шешіміне келу үшін осы зұлымдық бастауларын, мәнін, себептері мен нысандарын зерттеу қажет. Оқушылар осы мәселелерді жақсы түсінуі керек, сондықтан 7 сәуірде 6-10 сынып оқушыларымен "Экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар терроризм мен экстремизмге қарсы күрес туралы жадынамалар мен бейнероликтерді зерделеді. Біздің барлық оқушылар үшін негізгі үндеуіміз - қырағы және мұқият болу, дәстүрлі емес діни құрылымдардың ықпалына түспеу.
Лапковская А.В