Текст
5 сәуір күні 8 – 9 сынып оқушылары үшін «Өмірдегі табыс» тақырыбында онлайн диспут өткізілді. Сабақтың мақсаты: 8-9 сынып оқушыларының тұлғалық-адамгершілік өзін-өзі анықтауының қалыптасу деңгейін зерттеу. Бәсекелестік көзқарастың болуы жағдайында келісімге келу білігін дамыту. Іс-шара барысында оқушылар өмірлік мақсаттарымен, құндылықтық бағдарларымен бөлісті. Әр оқушы қазіргі уақытта және болашақта қызметтің белгілі бір түрін таңдауда өз көзқарасын қорғай білді. Пікірталастан кейін өмірде табысқа ынталандыру үшін «Өз-өзіне сене біл!» атты видеоролик көрсетілді.
Педагог – психолог Радченко А.Б