Текст
Түзету-дамыту сабақтары әсіресе өзекті, өйткені пәндер бойынша білімді, ептілікті және дағдыны түзетуге қосымша мүмкіндік береді. Дамуында ерекшелігі бар балаларға, өкінішке орай, жоғары сапалы стандарттарға сәйкес келу мүмкін емес. Психикалық дамуы тежелген балаларға төмен жұмыс қабілеттілігі, зейіннің тұрақсыздығы тән. Көптеген балаларда қабылдау қиындықтары байқалады.Апта сайын жеке жоспарға сәйкес 4 сынып оқушысымен сабақтар өткізіледі. Сабақ барысында шығармашылық ойлауды, қиялды дамытуға, бейнелі және логикалық ойлауды дамытуға, көзбен қабылдауды дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Осы қосымша жаттығулар жалпы білім беру материалдарын меңгеруге көмектеседі.
Педагог – психолог Радченко А.Б.