«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Новосельское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекесі
Коммунальное Государственное Учреждение «Общеобразовательная школа села Новосельское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу

24.04.2020

Ата-аналардың өз балалары мен жасөспірімдердің "басқарылмаушылығына" шағымдары мұғалімдер мен психологтарға таныс: сабақты тыңдамайды, терезенің шынысын сындырды, мұғалімге дөрекілік көрсетті, жолдасын ұрып тастады … Іс жүзінде бәрі әлдеқайда оңай: тіпті екі-үш жасар бала ата-аналық көңіл қажет болғанда, тостағанды сындыра алады немесе бұтына сиіп те қояды. Сонда ата-анасы балақайға ұрысып та, оны шапалақтап та алуы мүмкін – сөйтіп, әтеуір  олар баласы  бар екенін көреді! Өкінішке орай балалар мен жасөспірімдердің суицидтері сол себепті орын алады: «ақырында, мен  бар екеніме назар аударасыңдар» деген оймен бала өмірден кетеді. Аутодеструктивті (өзін-өзі бұзатын) мінез-құлық сияқты құбылыстың табиғатын түсіну үшін баланың жас даму кезеңдерімен және тиісінше әрбір жас кезеңіне сәйкес келетін дағдарыстармен танысу қажет.

Бала дамуының жас кезеңдері:

  • 0-1 жас;
  • 1-3 жас;
  • 3-7 жас;
  • 7-11 жас;
  • 12-15 жас;
  • 15-17 жас.

Әрбір кезеңнен өту жаңа түзілімдердің пайда болуымен және дағдарыстың ағуымен сипатталады. Сондықтан ата-аналар мен бала арасындағы қарым-қатынас өте тығыз, жылы, сенімді және сүйіспеншілікке толы болуы өте маңызды. Жоғарыда баяндалғанның негізінде 5-6 сынып оқушыларымен "Менің отбасым" атты онлайн виртуалды сурет көрмесі өткізілді.

 

Педагог – психолог Радченко А.Б.

 

Просмотров: 507


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст