Текст
16 мамыр күні «Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» МКҚК өкілі 9-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Түлектерді мамандықтар бойынша ақпаратпен, оқуға түсудің артықшылықтары туралы, сондай-ақ осы оқу орнына құжаттарды қабылдау ережелерімен таныстырды.