«12 күндік дала еңбегін қолдануға қарсы күресте» Новосельск орта мектебінде ата-аналармен қашықтықтағы жиналыста бала еңбегінің қиын түріне қатысты сұрақтар талқыланды.
Жиналыстың басында «бала еңбегінің» қолдануына қарсы сұрақтар талқыланды. Балалардың жұмыс істеуі олардың денсаулығы мен білім алуына, өзін-өзі тануына кедергі жасап баланың дұрыс көңілкүйде жүруіне ықпалыни кері тигізуі мүмкін.
Бала еңбегінің жеңіл түріне мектептен тыс ата-аналардың балаларына тапсырған үй жинау жұмыстары баланың өзіне керек заттарына жұмсауына мүмкіндік береді. Осындай үйде ата-аналарына көмектесу арқылы балалар үй ішіндегі бірлікті сақтай отырып, болашақта еркін өмір сүруіне үйренеді.
Мүндай жұмыс түрлері «бала еңбегінің қиын» түріне жатпайды. Баланың қиын еңбек түріне бала денсаулығына кері әсерін тигізетін жұмыс түрлері, баланың білім алуына кедергі жасайтын, олардың жұмыстың керісінен мектепке бара алмауы, осындай жұмыс түрлері балалардың еңбек істеуіне жоқ деп айтамыз.
Бала еңбегі-ол балалардың отбасынан алшақ болуы, олардың өмірі мен денсаулына кедергі келтіруі, оған қоса ерте жастан еңбекке салуды тыйым салады. «Бала еңбегі»- ол балаларды балалық шағынан айырып, өзіне қызығушылығын арттыруға бөгет болады.
Бала еңбегін тек көмек ретінде ғана емес, болашақта ол баланың кедейлікке әкеліп соғуына ықпалын кері тигізеді. Бала кезінен жұмыс істеген балалар оқымаған, ой-өрісі дамымаған, өз ойлары жоқ, өздеріне деген сенім жоқ, әлеуметтік ортада өздерін еркін ұстай алмай, біреудің сөзіне қарап, өмірге деген мәні кезеңге түсіп, өздерінің болашақтарына кері әсерін тигізуі мүмкін деген ойларды ескере отырып, бала еңбегінің қиын түріне жол бермеуіміз қажет.
Жиналыстың соңында «БАЛАЛАРҒА БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» виеролигін көрсеттік.
Мұғалім – психолог Радченко А.Б.