Айналамыздағы жер-аймақты қорғау әр азаматтың міндеті болып келеді. Айналамызды сақтау дегеніміз-ол қоқыс тастамау, заңды бұзбау. Жаныңызда өсіп тұрған әдемі гүл шоғы көзіңізге қуаныш әкелетіні сөзсіз, ал өзен жағасындағы күл-қоқыспен толы жерге қарағанда , таза бұлаққа қараған жақсы емес пе.
Новосельск орта мектебінде 5 сынып оқушыларымен «Үйіңнің айналасындағы экоклогиялық ізденіс жұмыстары» атты тақырыпта онлайн жұмысы жүргізілді. Оқушылар құрылған жоспарға байланысты үй айналасын зерттеп, ауланы таза , әдемі, гүл шоқтарымен толтырып, қоқыс тастамай, әр ауыл тұрғынының үйін әдемі ұстау керек деген шешімге келді!
Қоқыс тастамауға тырысыңыздар! Қоқыс жатпайтын жерде әрқашан таза болатынын есте сақтаңыздар! Аулаға зиян тигізбей, оның көркеюіне көмек көрсетіп, айналанымызды әдемі ұстайық.
Радченко А.Б.