«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Новосельское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекесі
Коммунальное Государственное Учреждение «Общеобразовательная школа села Новосельское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КММ «Атбасар ауданының білім бөлімінің Новосельск орта мектебінің» Отбасы күніне арналған іс-шараның жоспары

23.09.2020

         Мектеп оқушыларына отбасылық құндылық туралы тәрбие беру ең басты мұғалімнің мәселесі болып келеді, ол тек отбасындағы жылы арқатынасты ғана жаұсартып қоймай, болашақтағы әлеуметтік жағдағына үлкен әсер етеді. Біздің мектепте 2020 жылдың 8 ұыркүйек күні сынып жетекшілермен  Отбасы күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді.

5 сынып жетекшісі Тасырова А.Е «Менің өмірімдегі отбасым» тақырыбына тәрбие сағатын өткізген болатын. Ал 6 сынып жетекшісі  Семеренко М.А «Мен және Отбасым» тақырыбына тәрбие сағатын өткізді. 7 және 8 сыныптарда «Менің өмірімдегі Отбасым» тақырыбына тәрбие сағаты өтті. Ал 9 сынып жетекшісі Лапковская К.В «Менің отбасым-менің байлығым» тақырыбына тәрбие сағатын өткізді.

Ал 10 мен 11  сыныптарда «Отбасы құрудың талартары мен отбасылық құндылықтар» тақырыбына тәрбие сағаты өтті. Мұғалімдер тәрбие сағатын өткізу барысында алдарына қойған мақсаттары: Отбасындағы бір-біріне деген құрметтеу арақатынасын сақтау, үлкен кісілерге құрмет, кішілерге ізет көрсету, көтеріңкі көңіл күй сыйлау, берілген тапсырмаларды отһрындап, ұқыпты болу, бірігіп қызмет істеу.

Тапсырмалар:

-Отбасының әлеуметтік және қоғамдағы орны;

-Балалардың ата-аналарына тәрбие бергені үшін алғыс айтуын дамыту;

-Бірігіп тату өмір сүруге үйрету, отбасылық құндылық, ата-аналар мен балалар арасында жылы қарым-қатынас;

Барлық сынып сағаттар мынаған сәкес өтті:

-Жас ерекшелігі

-Әлеуметтік жағдайы мен отбасылық жағдайы

-Ата-аналарының тәрбие берудің нәтижесі.

Тәрбие сағатын өткізу барысында әртүрлі жаңа технологиялар қолданылып, сабақта ойын түрлері де болды. Сабақты ойын түрде өткізу балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, оларды сабаққа деген қызуғышылығын арттырады. Тәрбие сағатын өткізу барысында аса көңіл бөлінген тақырып ол отбасында арақатынас мен отбасылық құндылықтар, және де отбасындағы бір-біріне деген сыйластық. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты ол баланың отбасына деген сүйіспенділігін арттыру, отбасын биік ұстауы, отбасына мақтанышпен қарауы, отбасындағы бір-біріне жауапкершілікпен қарауы, отбасылық құндылықтың не екенін түсіну. Мұғалімдер сабақ беру барысында балаларға отбасындағы арақатынастың жылы болуының қандай маңызды екенін түсіндіруге тырысты, оның қандай отбасынан шыққаны маңызды емес. Мұғалімдер тәрбие сағатын өткізу барысында ұлағатты ұстаздар мен ақындардың, даналардың сөздерін қолданды. Апта ішінде балалар «Менің бақытты отбасы» видеороликтер жарысына қатысты.  Ең белсенді отбасылар қатары: Мелец, Гадяцкие, Есентаевы, Амариуца, Бабенко, Гиря.

Бастауыш сынып жетекшісі Гречко З.В «Әженің отбасындағы орны» атты монолог түсірді.

Ал бастауыш сыныптар «Менің отбасым» тақырыбына виртуальды көрме ұйымдастырды.

Әрбір өткізілген іс-шараларда «отбасы» туралы сөз қозғалып, оның арқаратын қызметі мен отбасы мүшелерінің маңызды рөлдері талқыланды,және де бір-біріне деген шыдамдылық білдіру.

Отбасыға деген махаббат пен отбасы үшін қуаныш сезімі, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жауапкершілігі, ата-ана алдындағы парызы.

 

 

Исп. Лапковская А.В.

Просмотров: 308


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст