Текст
Новосельск орта мектебінде жоспар бойынша бекітілген ерте жаста аяғы ауыр болып қалудың алдын алу барысында іс-шара өткізілді. 6 қазан күні әлеуметтік мұғалім Семеренко М.А-мен бірге әңгіме жүргізілді. Мектеп директорының тәрібие ісі меңгерушісі Лапковская А.В, медициналық қызметкер Чумак М.Г-мен «Ерте жастан аяғы ауырлықтың алдын алу» тақырыбына презентация көрсетіліп, 8-9 сынып оқушыларымен, 10-11сыныптармен «Дені сау бала-дені сау ұлт» тақырыбына әңгіме жүргізілді. Лекция барысында балаларға видеороликтер көрсетіліп, ерте жастан аяғы ауыр болған жағдайда қандай қиыншылықтарға жолығатыны туралы және де жасөспірім балалардың төсек қатынасы кезіндегі жауапкершілікті ұмытпау туралы әңгіме жүргізілді.
әлеуметтік мұғалім Семеренко М.А.