«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Новосельское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекесі
Коммунальное Государственное Учреждение «Общеобразовательная школа села Новосельское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«111 электрондық қызметі»

30.10.2020

Балалар мен үлкен адамдар қандай жаста болмасын эмоционалды қолдауға жүгінеді.Өмірде кейде адам басына шешілмейтін мәселелер туғандай болады, терең эмоцианалды тәжірибе туындайды, күйзеліске, сағыныш, үмітсіздік болады. Балаларға өмірлік қиындыққа ұшыраған адамдарға «111 сенім телефоны» көмекке келеді.

2020 жылдың 27 мен 28 қазан күні Nur Otan партиясының қолдауымен отбасын және балалардың құқығын қорғау мақсатында іс-шара өтті, ол жерде «111 электрондық қызметіне» жүгінсе психологиялық, әлеуметтік, құқықтық көмек ала алатындарын білді.

Мақсаты: мектеп оқушылары мен ата-аналарды көмек керек болған кезде қандай мекен-жайға қарауға болатыны туралы ақпарат беру. Егер де отбасылық зорлық-зомбылық болған жағдайда, балалардың құқығын бұзған кезде, бала далада немесе үйде және мәшинеде жалғыз қалып қойған жағдайда, баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрса, балаға зорлық немесе тым қатал қысым көрсетілген жағдайда көмек көрсету. Егер бала өміріне қауіп төніп тұрса, мысалы, ашық люк болған жағдайда, жоғары кернеулі желі болса, су көзі осындай жағдар болған жағдайда Nur Otan партиясының қолдауымен «111 төтенше жағдай» байланыс телефонына хабарласуға болады, оған қоса отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың да құқықтарын қорғау қарастырылған. Қызмет көрсету тегін және тәулік бойы жұмыс істейді.

Балалар мен ата-аналарға видероликтер көрсетілді, мектеп қабырғаларында керек ақпараттар толық және мектеп сайтында барлығы жарияланған болатын.

 

 

Психолог мұғалім Радченко А.Б

Просмотров: 340


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст