«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Новосельское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекесі
Коммунальное Государственное Учреждение «Общеобразовательная школа села Новосельское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біз өзіміздің істерімізге жауаптымыз

10.11.2020

Новосельск орта мектебінде 10 қараша күні 4 сыныпта «Біз өзіміздің істерімізге жауаптымыз» атты тақырыбына сыныптан тыс іс-шара өтті. Тақырыптың негізгі мақсаты: жасөспірім балалардың құқық бұзудың алдын алу; жауапты шешімді өз бетінше қабылдау дағдыларын және күрделі жағдайларды сыни талдау дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шара барысында оқушылар «Неліктен «жазықсыз қылықтар» көбінесе құқық бұзушылыққа айналады?» деген сұраққа жауап іздеді. Тақырыпты талқылау барысында оқушылар құқық бұзушылықтың түрлерімен және оған жауап беру туралы ақпараттармен таныс болды. Іс-шараның қорытындысы ретінде «Қалайша құқық бұзушылыққа жол бермеу керек» деген жадынама түйіндеп, және қалайша заң бұзушылықтың құрбаны болмауды талқылады.

Осындай өткізілген іс-шарадан кейін оқушылар жақсы істерімен өздерін көрсетеді деген сенісдемін, құқық бұзу арқылы сіз тек қана заң бұзбай, туған-туыстарыңызға, ата-аналарыңызға зиян келтіресіздер.

Әрқашанда істеген ісіңе өзің жауапты болатыныңды есте сақтауын керек!

 

Сынып жетекшісі: Володина С.И.

Просмотров: 338


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст